МАЙЛАҒЫШ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ КАТАЛОГЫ
TotalEnergies мотор майларының каталогы
ANAC PRO | ANAC EXPERT | ANAC VISIO | ANAC GAS | ANAC COOLANT | ANAC INDUS | |
---|---|---|---|---|---|---|
Ауыл шаруашылық техникасы | + | + | + | - | + | - |
Авиация | - | + | - | - | - | - |
Жүк кемелері | + | + | - | - | + | - |
Коммерциялық көлік | + | + | - | - | + | - |
Қалалық көлік | + | + | + | + | + | - |
Өнеркәсіптік техника | - | - | - | + | + | + |
Шағын кемелер | + | + | - | - | - | - |
Жол және құрылыс техникасы | + | + | + | - | + | - |
LubAnac соңғы 30 жылда 500 000 астам құрамдас бөліктер туралы ақпаратты бірыңғай деректер қорына жинақтап, қозғалтқыштар мен басқа да техникалық тораптардың 15 000 астам түріне диагностика жүргізді. Осының арқасында LubAnac PRO талмалардың дәл және арнайы бағдарламалық жасақтаманың көмегімен түсіндірілген нәтижелерін ұсынады.
Нәтижелер туралы түрлі-түсті кодтау арқылы берілген есептер өте қарапайым. Ақпаратты қордан толықтыру жүйесін пайдалану көлік құралдарының тозу дәрежесін дәл және уақтылы қадағалауға мүмкіндік беріп, олардың істен шығатыны туралы ескертеді.
LubAnac EXPERT – LubAnac деректер қорына негізделген сервис, ол ақаудың себебін анықтауға және жағармайларға қатысты кез-келген сұраққа жауап табуға көмектеседі.
TBN (немесе TAN) және тотығу дәржесін өлшеу, сондай-ақ білікті мамандардың жеке түсініктемелері. LubAnac EXPERT – ең қиын жағдайларда жұмыс істейтін техниканың ақауларын іздеу және қадағалау үшін ұсынылған жан-жақты талдама.
LubAnac Visio гидравликалық (мысалы, құрылыс техникасына арналған) және трансмиссиялық майларды диганостикалау мүмкіндігін береді. ANAC зертханасының қондырғылары микроскоппен 5 микронға дейінгі бөлшектерді үлкейтіп қарап, зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай дәлдік майда пайда болған барлық қоспаларды (металл және т.б.) көруге және олардың қайдан шыққанын табуға мүмкіндік береді.
LubAnac өнеркәсіптік қондырғылардың сан-алуан түрлері үшін де бірқатар мамандандырылған зерттеулер жүргізеді.
Осы жағдайда жағармайдың құрамын талдау техниканы өндірушінің бөлшектердің тозу дәрежесіне және жағармайлардың сипаттамаларына қатысты ұсыныстары ескеріле отырып жүргізіледі.
LubAnac INDUS жүйесінің негізін TotalEnergies барлық жағармайларының сипаттамалары кіретін, толық деректер қоры құрайды. Бұл кенеттен пайда болған ақауларды жөндеудің орнына, қондырғының істен шығатынын алдын ала біліп, оны жөндеуді жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл қондырғының өнімділігін едәуір арттырады.
Қозғалтқышты тозудан тек жағармайлар ғана емес, салқындатқыш сұйықтықтар да қорғайды. Сондықтан, LubAnac салқындатқыш сұйықтықтарды дианостикалаудың LubAnac COOLANT бағдарламасын ұсынады.